Хабар телеарнасы

Алматыда жекеменшік жаңа футбол клубы құрылды

Команда Қазақ спорт және туризм академиясының базасында жасақталды. «КазАСТ» деп аталатын ұжымның алға қойған мақсаты бар. Енді футболшылар доп тебе жүріп, спорт саласында сапалы білім алуға мүмкіндік алады. Орта мектепті бітірген балалар академияда іріктеуден өтіп, бірінші курсқа қабылданады. Кейін футбол немесе футзал бөлімін таңдап, ел чемпионатында қатысады.

Мұхтар Есқалиев, Қазақ спорт және туризм академиясының тәрбие және спорттық жұмыс проректоры:
- Осы КазАСТ клубымыз Қазақстан чемпионатында екінші лигаға қатысып, өз бағымызды сынап жатқан жайымыз бар. Бұл әрине, осы оқу процесін, студенттеріміздің теориялық білімдерін тәжірибеде одан ары шыңдау мақсатында.

Жаңа команда сапында жастардан бөлек, тәжірибелі ойыншылар да бар. «КазАСТ» Қазақстанның екінші лигасында ойнайды. Алғашқы турда «Тұран» жастар командасынан 2:1 есебімен басым түсті.